|
|
|
2025 жылғы 30 қарашада біздің өнерпаздар Астана қаласында өткен хореографиялық өнер конкурсына қатысып, студия намысын абыроймен қорғады. Іс-шараның ұйымдастырушысы - PLANETA DANCE компаниялар тобы.
Біздің бишілер «Эстрадалық және заманауи би» номинациясында үш хореографиялық қойылым көрсетті:
«Таң атады»
«Құпия агенттер»
«Жас ғарышкерлер»
Жетістіктеріміз:
Гран-при — «Жас ғарышкерлер»
1 орын — «Құпия агенттер»
1 орын — «Таң атады»
7–9 жас (кіші топ) және 10–12 жас (орта топ) қатысушылары жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлікті, сахналық еркіндікті және шығармашылықты көрсетті.
Барлық бишілер медальдар мен дипломдармен марапатталды. Студия жетекшісі Тактаулова Анжела Касеновнаға кубок пен алғыс хат табысталды.
«Жұлдыздар» ұжымын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Таланттарыңызбен жарқырай беріңіздер!