![]() |
![]() |
2025 жылғы 23–24 қыркүйек күндері Павлодар қаласындағы М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Көшбасшылықты дамыту: стратегиялар мен құралдар» тақырыбында оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларына арналған білім беру интенсиві өтті.
Іс-шараға Қазақстанның әр аймағынан келген 80 белсенді оқушы қатысты. Олар – мектеп парламенттерінің көшбасшылары, өзін-өзі басқару ұйымдарының өкілдері және олардың жетекшілері.
Интенсив бағдарламасы мазмұнды әрі жан-жақты болды. Қатысушылар келесі бағыттар бойынша жұмыс істеді:
Көшбасшылық және өзін-өзі тану – көшбасшылық дағдылар бойынша сарапшылардың қатысуымен өткен тренингтер мен шеберлік сабақтары, арт-терапия, менталды ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы өткізілген «Менің көшбасшылық стилім» атты практикалық сессия;
Командалық жұмыс – «Арманымдағы өзін-өзі басқару» квест-ойыны, Павлодар өңірінің танымал тұлғалары қатысқан «Табыс платформасы» атты talk-шоу, сондай-ақ мектеп өміріндегі өзекті мәселелерге арналған пікірталастар мен дебаттар;
Шығармашыл өзін-өзі басқару – «Шешімдер театры» атты импровизация форматындағы воркшоп және «Болашақ идеялары» атты сессия, оның аясында мектеп парламенттері үшін плакаттар, ұрандар мен бейнеүндеулер дайындалды;
Делегация жетекшілеріне арналған алаң – «Адал Азамат» бағдарламасы аясында мектеп парламенттерінің алдағы қадамдарын бірлесіп жоспарлауға арналған «Тәлімгерлік – парламенттік қызметтің ресурсы» атты форсайт-сессия.
Білім беру бағдарламасынан бөлек, қатысушылар Г.Н. Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану мұражайына, «Ertis» мұражайына, Бұқар жырау атындағы әдебиет және өнер мұражайына, сондай-ақ Жауынгерлік даңқ мұражайына барып, Павлодар өңірінің бай мәдени-тарихи мұрасымен танысты.
Интенсив — оқушылар парламенттері арасындағы тәжірибе алмасу, серіктестікті нығайту және оқушылардың көшбасшылық әлеуетін дамыту үшін жарқын алаңға айналды.
Барлық қатысушыларға, тәлімгерлер мен ұйымдастырушыларға белсенділігі мен ынтасы үшін алғыс білдіреміз!