![]() |
![]() |
Алматы қаласындағы «Iskorka» («Искорка») халықаралық көп жанрлы байқауынан Оқушылар сарайының «Жас дәурен» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері жеңіпаз және жүлделі болып оралды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, «Iskorka» халықаралық көп жанрлы байқауының мақсаты талантты вокалистерді анықтау және қолдау, шығармашылық шеберлікті дамыту, байқауға қатысушылардың музыкаға деген қызығушылығын арттыру. «Жас дәурен» вокалдық студиясының тәрбиеленушілері 13-15 және 16-18 жас санаттарында «Эстрадалық вокал» (жеке және дуэттік орындау) номинациясына қатысты. Байқау қорытындысы бойынша Егінбай Омар «Жолдар» әнін, сондай-ақ «Нұр – Ерке» дуэттерін (Аятов Әлихан және Мұқатаев Архат) «Қанша күн» және «NurlyStars» (Егінбай Омар және Ертісбай Бейбарыс) әнімен «Туған жерім тамаша» әнімен орындап, бас жүлдені жеңіп алды.
Бірінші орынға «Эстрадалық вокал» номинациясында, Ермуратова Дайана «Set fire to the pain» әнімен, «Жас дәурен» вокалдық тобы «Ұлт мақтанышы» әнімен және Апушева Дильназ «"Skyfall» әнімен иеленді.
«Iskorka» халықаралық көп жанрлы байқауының екінші орынға Искара Аяжан «Қалай ғасан» әнімен иеленді.
Әр қатысушы, жеңімпаз және жүлдегер медаль және дипломдармен марапатталды. «Жас дәурен» вокалдық студиясының жетекшісі Ноғаева Баршагүл Қайырбайқызы алғыс хатпен марапатталды.