![]() |
![]() |
11 мамырда Оқушылар сарайының үлгілі «Вдохновение» би ансамблі Павлодар қаласы Естай атындағы мәдениет сарайында өткен «BiG DANCE» халықаралық байқау-фестиваліне қатысты.
Қазылар алқасының құрамында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, педагог-хореографтары болды. Би ұжымы келесі номинациялар бойынша конкурстарға қатысты:
- Халық биі
- Эстрадалық би
- Халықтық стильдендірілген би (қазіргі заманғы өңдеуде халықтық билерді орындау)
- Заманауи би (заманауи, джаз заманауи).
- Байқаудың мақсаты өнер арқылы қатысушылардың рухани, зияткерлік және мәдени әлеуетін ашу, хореографиялық өнердің заманауи түрлерін дамыту, түрлі халықтардың ұлттық мәдениетін, балалар мен жасөспірімдер шығармашылығын дамыту, - дейді ансамбль жетекшісі Галина Лапухина.
«BiG DANCE» халықаралық конкурстың қортындысы:
Бас жүлде – жоғары топ, «Песни степей» биі;
Бас жүлде – жоғары топ, «Пробегая по струнам души» биі;
Бас жүлде – жоғары топ, «Ёхор» биі;
Бас жүлде – орта 1-ші топ, «Көктемге ояну» биі;
1 орын - орта 1-ші топ, «Тучка за тучкой» биі;
2 орын - орта 1-ші топ, «Сьюзи» биі;
2 орын – орта 2-ші топ, «Волшебные голоса» биі;
2 орын – орта 2- ші топ, «Пузыри» биі.
Конкурстық бағдарламалар номинациялары бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубоктармен, медальдармен және дипломдарға қол жеткізіді. Жетекшілері Галина Лапухина мен Александра Дулашева алғыс хаттармен марапатталды.