Жас таланттардың жаңа жеңістері

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Новые победы юных талантов Новые победы юных талантов
Новые победы юных талантов Новые победы юных талантов

М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Амплуа» театр студиясының тәрбиеленушісі Әбиба Қамза «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен  І Республикалық  «Оян, қазақ!» конкурсына қатысты.

Аталмыш конкурс қазақ ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың шығармашылығына арналған болатын.
Әбиба «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша М. Дулатовтың «Абақтыдағы айт күні» шығармасын дайындап 2 дәрежелі Дипломға ие болды. Жеңімпазды дайындаған үшін «Амплуа» театр студиясының педагогі Жақсыбек Ешімқұловке ұйымдастырушылар  алғыс хат табыстады.
Сондай-ақ, «Мұрагер» домбыра ұжымының тәрбиеленушісі Қылышбек Мейірбек «Жас жұлдыз – 2023» жастар шығармашылығының Республикалық көп жанрлы онлайн-конкурсына қатысты.
Мейірбек 10-12 жас ерекшелік категориясында «Аспаптық шығармашылық-соло» номинациясы Дәулеткерейдің «Көреғлу» күйін орындап 1-ші орынға ие болды.
Педагог Батырбек Сарсебеков пен  аккомпаниатор  Қуаныш Райымбековке  «Жас жұлдыз – 2023» Республикалық конкурсының ұйымдастырушылары атынан алғыс хаттар табысталды.  Қылышбек Мейірбек диплом, медаль және музыкалық кубокке ие болды.
Біздің педагогтер мен тәрбиеленушілерімізді Республикалық конкурстағы жеңіспен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!