![]() |
![]() |
М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Амплуа» театр студиясының тәрбиеленушісі Әбиба Қамза «MÁŃGlLIK EL JASTARY» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен өткен І Республикалық «Оян, қазақ!» конкурсына қатысты.
Аталмыш конкурс қазақ ақыны, жазушы, драматург, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың шығармашылығына арналған болатын.
Әбиба «Мәнерлеп оқу» номинациясы бойынша М. Дулатовтың «Абақтыдағы айт күні» шығармасын дайындап 2 дәрежелі Дипломға ие болды. Жеңімпазды дайындаған үшін «Амплуа» театр студиясының педагогі Жақсыбек Ешімқұловке ұйымдастырушылар алғыс хат табыстады.
Сондай-ақ, «Мұрагер» домбыра ұжымының тәрбиеленушісі Қылышбек Мейірбек «Жас жұлдыз – 2023» жастар шығармашылығының Республикалық көп жанрлы онлайн-конкурсына қатысты.
Мейірбек 10-12 жас ерекшелік категориясында «Аспаптық шығармашылық-соло» номинациясы Дәулеткерейдің «Көреғлу» күйін орындап 1-ші орынға ие болды.
Педагог Батырбек Сарсебеков пен аккомпаниатор Қуаныш Райымбековке «Жас жұлдыз – 2023» Республикалық конкурсының ұйымдастырушылары атынан алғыс хаттар табысталды. Қылышбек Мейірбек диплом, медаль және музыкалық кубокке ие болды.
Біздің педагогтер мен тәрбиеленушілерімізді Республикалық конкурстағы жеңіспен құттықтап, шығармашылық табыс тілейміз!