![]() |
![]() |
19 қараша күні М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Жұлдыздар» заманауи би студиясы Астана қаласында өткен «Dance Heroes» атты Халықаралық би өнері байқауына қатысты.
Жас бишілер екі жас санатында өнер көрсетті: 8-11 жас және 12-15 жас. Хореографиялық өнерді дамыту және насихаттау, би ұжымдары арасында тәжірибе алмасу байқаудың басты мақсаты болып табылады.
«Жұлдыздар» заманауи би студиясы Елорданың бас сахынасында «Хип-хоп» номинациясы бойынша «Танцуй как мы» атты бимен 2-ші орынға иеленді. «Эстрадалық би» номинациясы бойынша «Арлекино» және «Мир без войны» биімен 1-ші орынды иеленді, «Ұлттық стильдендірілген» биімен
«Аманат» биі 1-ші орынға жайғасты.
Би ұжымының әрбір қатысушысы дипломмен және медальмен, алғыс хатпен және кубокпен марапатталды. Студия жетекшісі Тактаулова Анжела Қасенқызы алғыс хатпен марапатталды.
- Бұндай жеңістер бізге ынта-жігер береді, одан әрі шеберлікке, ізденіске жетелейді. Жеңісімізге қуаныштымыз. Баршаңызға би ұжымының дамуына қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді, - деді «Жұлдыздар» заманауи би студиясының жетекшісі Анжела Тактаулова.