![]() |
![]() |
М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының «Блэйз» эстрадалық би студиясы 2023 жылдың 27 тамыз күні Алматы қаласында өткен «FANTASTIC TALENT» республикалық би-шығармашылық конкурсына қатысты. Байқаудың ұйымдастырушылары «Event Академия Счастья». Қазақстанның түкпір - түкпірінен жас бишілер хореография, театр және би өнерін ортаға салды. Еліміздің танымал хореография профессорлары қойылымдарды бағалады.
Конкурс қортындысы бойынша «Блэйз» эстрадалық би студиясының тәрбиеленушісі Ксения Савельева «Заманауи би» номинциясы бойынша 1 орынға ие болды.
-Байқау үш кезеңді қамтып, өте жақсы ұйымдастырылды. Біздің нөміріміз «Өмір сәттері» деп аталды. Байқаудың басты мақсаты балалар шығармашылығын дамыту және насихаттау, - деді студия жетекшісі Любовь Корнюхина.
«Event Академия Счастья» ұйымдастырушылары «Блэйз» эстрадалық би студиясының жетекшісі Любовь Корнюхинаға алғыс хат табыстады.