«Ақ шағала» конкурсында «Блэйз» студиясының жеңісі

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

 

Успехи студии «Блэйз» на конкурсе «Ақ шағала» Успехи студии «Блэйз» на конкурсе «Ақ шағала»
Успехи студии «Блэйз» на конкурсе «Ақ шағала» Успехи студии «Блэйз» на конкурсе «Ақ шағала»

2023 жылдың мамыр айында қашықтықтан  «Ақ шағала» республикалық хореографиялық фестиваль-байқауы өтті.

 


Конкурсқа жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының би ұжымдары - облыстық хореографиялық конкурстардың жеңімпаздары қатысты. М. М. Катаев ат.  Оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрадалық би студиясы байқауда өңіріміздің намысын қорғады.  Байқау қорытындысы бойынша студия тәрбиеленушілері «Шарын каньоны» биін орындағаны үшін «Заманауи би» номинациясында 3 орын алды. Би ұжымы Диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Ұжым жетекшілері Любовь Васильевна Корнюхина мен Анжелика Витальевна Булич алғыс хаттармен марапатталды. - Байқаудың мақсаты үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға баулу бойынша жүйелі және мақсатты қызмет болып табылады, - деп атап өтті Любовь Корнюхина.