«SPRING FEST» Халықаралық конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Поздравляем победителей международного конкурса «SPRING FEST» Поздравляем победителей международного конкурса «SPRING FEST»
Поздравляем победителей международного конкурса «SPRING FEST» Поздравляем победителей международного конкурса «SPRING FEST»

2023 жылдың 30 сәуір күні Оқушылар сарайының «Жаңа Star» вокал ұжымы Алматы қаласының К. Кужамьяров атындағы Алматы ұйғыр республикалық мемлекеттік академиялық музыкалық комедия театрында өткен «SPRING FEST» халықаралық шығармашылық өнер байқауына қатысты.


Конкурс Алматы қаласы мәдениет басқармасының қолдауымен өткізілді, конкурсты ұйымдастырушы «Бала Шабыты» халықаралық балалар-жасөспірімдер конкурстық жобасы. Қазылар алқасының құрамына отандық эстрада өкілдері, еңбек сіңірген мәдениет қайраткерлері және вокал, хореография, аспаптар және көркем оқу бойынша танымал педагогтар кірді.
«Жаңа Star» вокал студиясы кіші және үлкен санат бойынша  «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша сайысқа қатысты.  
«Айдарай» тобы «Rombi and Bombi» әнімен Бас жүлдені жеңіп алса, «Gold musik» тобы «Monsters» әнімен 1 орынды иеленді.
Конкурс ұйымдастырушылары жеңімпаздарды атаулы дипломдармен және медаль кубоктармен марапаттады. Педагог Царенко Нонна Кировна және аккомпаниатор Ельшибаева Зейнеп Кайратовна алғыс хаттармен марапатталды.
-Байқау әр балаға өзін танытуға мүмкіндік берді, біздің тәрбиеленушілеріміз Алматы сахнасында ең жарқын болды, педагогтар жұмыс тәжірибесімен алмасты, - деді «Жаңа Star» ұжымының жетекшісі Нонна Царенко.