«Дала әуені» конкурсы жеңімпаздарын құттықтаймыз

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Поздравляем победителя конкурса «Дала әуені» Поздравляем победителя конкурса «Дала әуені»
Поздравляем победителя конкурса «Дала әуені» Поздравляем победителя конкурса «Дала әуені»

26 наурыз күні Астана қаласында М.Өтемісұлы ат. Оқушылар сарйында «Дала әуені» балалар мен жасөспірімдерге арналған Халықаралық шығармашылық конкурсы өтті.

 
Конкурсқа М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілінің тәрбиеленушісі Рахметолла Айсұлтан 14-17 жас ерекшелік санатында қатысып «Аспаптық жанр» номинациясы бойынша 1 орынға ие болды. Айсұлтан конкурсқа Құрманғазының «Төремұрат» күйін дайындады.    
-    Байқаудың басты мақсаты - қазақ халық музыкасын насихаттау, оқушылардың музыкалық-эстетикалық мәдениетін жетілдіру, - деді «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамблінің жетекшісі Мәди Кенжиханов.
Конкурс ұйымдастырушылары жеңімпаздарды дипломдармен, педагог Мәди Кенжихановты алғыс хатпен марапаттады.