Мария Мудряк өткізген шеберлік сынып

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Мастер-класс от Марии Мудряк Мастер-класс от Марии Мудряк
Мастер-класс от Марии Мудряк Мастер-класс от Марии Мудряк

2023 жылдың 10 ақпан күні Павлодар қаласында әйгілі опера әншісі Мария Мудрякпен кездесу өтті.

Мария Еуропадағы барлық опера театрларында өте маңызды партиялардың танымал үздік орындаушыларының бірі. Ол Вердидің "Травиата" операсында Виолетта Валери рөлінде дебют жасаған Қазақстанның "Астана Опера" бас музыкалық ұжымының әншісі.
Павлодар Музыкалық колледжінің сахнасында колоратуралық сопрано иегерінің шеберлік сыныбы өтті. Мария Мудряк шеберлік-сынып өткізіп, барлық келген қатысушыларға кеңес берді. Оқушылар сарайының "Аймикс", "Свет Звезда" вокалдық ұжымдары  және "Блэйз" эстрадалық би студиясының тәрбиеленушілері мен жетекшілері шеберлік сыныбының қатысушылары болды. Балалар академиялық ән айтудан шебер-сабақ алып қана қоймай, опера әншісімен сұхбаттасуға  мүмкіндік алды.