«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»
«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»

Павлодар облысында желтоқсан айның көптен күткен оқиғасы өтті.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты жаңа жылдық шыршасы өтті. Жаңа жылдық шырша шарасына облыс әкімі Асайын Байханов арнайы қатысып, балаларды жаңа жылдық мерекемен құттықтады. Мерекеге 9-13 жастағы 200 бала қатысты.

«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» 

«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»

«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» 

«Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» «Қош келдің, жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман»

Балалар театрландырылған қойылымға қатысудан бұрын «Жаңа жылдық ғажайыптар аттракционы» атты төрт станциядан тұратын ойынға қатысып, эмоционалды көңіл-күйде болды.
«Арманға жаңа жылдық қиялмен ұшу» станциясында балалар қиял-ғажайыптар, ғарыштағы жұлдыздар жайлы викторинадан өтті. Екінші «Жаңа жылдық VR-саяхат» станциясында виртуалды саяхатқа аттанды. Ал «Жаңа жылдық эко-фантазия» станциясында экологиялық таза заттардан балалармен бірге жаңа жылдық ойыншықтар жасап, өздеріне сыйға тарту етті.
Соңғы «Жаңа жылдық Тик-Ток» станциясында мереке қатысушылары ертегі кейіпкерлерімен бірге жаңа жылдық би билеп, тик-ток түсірді.
Шырша шамын жағуға жиналған оқушылар Аяз ата мен Ақшақарды ерекше қуанышпен қарсы алып, түрлі қойылымдағы ән мен би өнерін тамашалады.
Түрлі анимациялық бейнелердің киімін киіп, көтеріңкі көңіл күймен жаңа жылды қарсы алған оқушылар ертегілер еліне саяхаттап, сый-сияпатқа кенелді. Облыс әкімі Қазақстан Республикасы Президенттің атынан  балаларға құттықтау ашықхаты, 150 мың теңгеге ақшалай сертификат, кітап, жұмсақ ойыншық пен тәтті сыйлықтар табыстады.
-Құрметті балалар! Президентіміздің жаңа жылдық шыршасына қош келдіңіздер. Сіздер біздің болашағымызсыздар. Сондықтан жақсы оқып, тәрбиелі болу - ең басты міндеттеріңіз. Келе жатқан жаңа жыл сіздер үшін құтты, үлкен жетістіктерге толы жыл болсын, - деп атап өтті А. Байханов өзінің мерекелік құттықтауында.
Жаңа жылдық мерекелеуде балалар "Шаттанайық балалар" атты қазақстандық Imanbek, Мария Мудряк сынды танымал  жұлдыздардың бейне құттықтауын тамашалады.  Мереке тәтті дастархан басында шай ішумен аяқталды.