![]() |
![]() |
М.М. Катаев ат. Оқушылар сарайының көркемөнер тәрбие беру бөлімінің ұжымдары оқу жылының соныңда қорытынды есеп беру концерттік бағдарламасын дайындайды.
Есеп беру концерті вокалдық, би, домбыра ұжымдарының шығармашылық өміріндегі өте айтулы оқиға, ол жеңіс, өнер, қажырлы еңбек, ұйымшылдық пен шығармашылық жетістіктердің көрсеткіші.
2021-2022 оқу жылы ішінде өзінің есеп беру концерттерін «Вдохновение» үлгілі би ансамбілі, «Арман-шоу» үлгілі театр-студиясы, «Жас даурен» вокальная студиясы, «Жас екпін» үлгілі домбыра ансамбілі, «Мұрагер» домбыра ансамбілі, «Блэйз» және «Тип-топ» үлгілі эстрада би студиясы, «Аймикс» вокал студиясы, «Тұмар» эстрада вокал студиясы, «Рандеву» би-спорттық клубы, «Жұлдыздар» би студиясы, «Калейдоскоп» театр студиясы сахна ортасында паш етті.
Өнер көрсеткен ұжымдар арасында Халықаралық, Республикалық конкурстардың жеңімпаздары да бар.
-Есеп беру концерті ән әлемінің, балалардың сыңғыр күлкісі мен жақсы көңіл-күйдің жарқын мерекесіне айналды, жас таланттардың өнерлрін көрсететін нағыз мереке болды, -деді көркем тәрбие беру бөлімінің жетекшісі Жанар Калтаева.