![]() |
![]() |
2022 жылдың 12 маусым күні М.Катаев ат. Оқушылар сарайының «Аймикс» вокал ұжымы «Cool summer!» өнер шығармашылық Халықаралық конкурсына қатысты.
Аталмыш конкурс Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Бала Шабыты» Халықаралық балалар-жасөспірімдер жобасы аясында өтті. «Аймикс» вокал студиясының «Айдарай» кіші тобы 3-6 жас аралығындағы балалар «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша өз өнерлерін ортаға салды. «До, ре, ми» әнің орындаған үшін «Айдарай» тобы бас жүлдеге ие болды. 7-9 жас арасындағы әнші Шакирова Айбике «Папа» әнімен 2-ші орынды иеленді. Жас әншілер халықаралық конкурста алғаш рет өнер көрсеткен болатын. Барлық қатысушылар өте керемет дайындықты көрсетіп, тамаша өнерлерімен көрермендерді тамсандырды. Жас өнерпаздардың өнерлерін қазылар алқасы жоғары бағалады. Жас әншілер мен жетекшілері Нонна Кировна Царенконы жеңістерімен құттықтаймыз!