Президенттік шырша

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00

Президенттік шырша

Жылдағы дәстүр бойынша Павлодар облысында Президенттік шырша мерекесі «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл» деген атаумен өткізілді. Облысымыздың дарынды балалалары мен ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары Павлодар қаласындағы Астана мұз сарайына жиналды. 

Президенттік шырша

Жасыл шырша айналасында ән айтып, би биледі. Еліміздің үміт артар болашақ өрендеріне Елбасы да өзінің құттықтауын көгілдір экран арқылы жеткізді. Ал облыс әкімінің орынбасары Орсариев Арын Амангелдіұлы балаларға Жаңа жылдық сыйлықтар табыстады. Енді әр бала өзімен бірге Павлодардан планшет алып қайтатын болды. Кеш соңынан балалар мерекелік дастарханнан дәм татып, көтеріңкі көңіл-күймен тарасты.