![]() |
![]() |
2021 жылдың желтоқсан айында Оқушылар сарайының «Жас даурен» вокал студиясы ел төрінде өткен «British lion» (Ұлыбритания - Қазақстан) әртүрлі жанрлық I Халықаралық конкурс –фестивальіне қатысты.
Аталмыш шара Нұр-Сұлтан қаласының мәдениет басқармасының қолдауымен өткен болатын.
Жас әншілердің өнерін қазылар алқасы жоғары бағалады. «Жас даурен» вокал студиясының «Жаңа – әуен» тобы «Эстрадалық вокал» номинациясы бойынша конкурсқа қатысып 1 дәрежелі Дипломға ие болды. Болтаев Бекберген 1 дәрежелі Дипломға, Құрманғали Айсана 2 дәрежелі дипломға қол жеткізді.
Ұжым жетекшісі Ногаева Баршагуль Каирбаевна «British lion» атты әртүрлі жанрлық I Халықаралық конкурс –фестивальіне жеңімпаздарды дайындаған үшін және оқушыларға музыкалық-эстетикалық тәрбие бергені үшін алғыс хатпен марапатталды.
«Жас даурен» студиясын жеңістерімен құттықтаймыз!