«Калейдоскоп» театр студиясы Бас жүлдеге ие болды

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп» Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп»
Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп» Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп»

2021 жылдың 16-17 қазан аралығында Алматы қаласында «Думанды елім» атты балалар шығармашылық фестивалі өтті. Аталмыш шараға Шымкент, Тараз, Нұр-Сұлтан, Алматы, Түркістан және еліміздің басқа да қалаларынан қатысушылар болды.

Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп» Гран-при в руках у театральной студии «Калейдоскоп» 

 

М.М.Катаев ат. Облыстық Оқушылар срайының «Калейдоскоп» балалар театр студиясы Павлодар облысының атынан өнер көрсетті.
Жас әртістер «Прощай, овраг!» спектаклін көрсетті. Қараусыз қалған жануарлар қойылымның басты тақырыбы болды. Павлодарлықтар «Театр өнері» номинациясы бойынша Бас жүлдені қанжығасына байлады. Қазылар алқасының төрағасы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Меруерт Түсіпбаева «Калейдоскоп» театрының жас әртістерін қазылар алқасының арнайы жүлдесін табыстап, балалардың өнерін ерекше бағалап, оларға сәттілік тіледі.
«Калейдоскоп» театр студиясының жетекшісі Марина Билая Құрмет дипломымен марапатталды.
Жас әртістерге шығармашылық табыс тілеп, жеңістерімен құттықтаймыз!