![]() |
![]() |
Облыстық Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра ұжымы «Ғаламшардың болашағы» балалар мен жасөспірімдер шығармашылығының ON-LINE байқауына қатысты. Конкурс Санкт-Петербург қаласында 2020 жылдың 3-23 маусымы аралығында өтті.
Жас домбырашылар «Кеңес» және «Наркескен» халық күйлерінің виртуоздық өнерімен сүйсінтті. Қазылар алқасы мүшелері «Мұрагер» домбыра тобының тәрбиеленушілерін жоғары бағалады.
Байқау нәтижесінде Ансамбль 9-11 жас санатында «Аспаптық орындаушылық» номинациясы бойынша 2-дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Аспаптық орындаушылық, Соло» номинациясы бойынша 6-8 жас аралығындағы Айым Сайтпеков 2-дәрежелі лауреат дипломымен марапатталды.
Ұжым тәрбиеленушілері жетекшісі Алтын Кенжиханова мен концертмейстер Қуаныш Райымбековты құттықтаймыз.