«Ашық әлем» халықаралық онлайн-конкурсының жеңімпаздарын құттықтаймыз

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 22.06.2020 14:43
Поздравляем победителей международного онлайн-конкурса «Открытый мир» Поздравляем победителей международного онлайн-конкурса «Открытый мир»
Поздравляем победителей международного онлайн-конкурса «Открытый мир» Поздравляем победителей международного онлайн-конкурса «Открытый мир»

2020 жылдың 25 мамыр 3 маусым аралығында Мәскеу қаласында «Ашық әлем» халықаралық онлайн-конкурсы өтті. Аталмыш сайысқа Корея, Қазақстан, Ресей елінен қатысушылар бақтарын сынады.

Павлодар облыстық М.М.Катаев атындағы «Свет звезды» үлгілі ән театры «Эстрадный вокал» номинациясы бойынша конкурсқа қатысты.

Батырхан Шукеновтың репертуарынан алынған «Журавли» әнімен Тамила Рахимбаева бірінші дәрежелі лауреат дипломына қол жеткізді.

«О той войне» әнімен Күмісбек Медина және Цечоева Лейла дуэттері осы номинация бойынша 2 дәрежелі дипломға ие болды.

- Онлайн - конкурстың тақырыбы соғыс жылдарының әндері. Бұл байқау әр түрлі жанрлар мен бағыттар бойынша оқушылардың шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді, - деді «Свет звезды» ән театрының жетекшісі Елена Валько.