![]() |
![]() |
22 желтоқсан күні Павлодар қаласының «Ертіс» қонақжай кешенінде Қазақстан Республикасы Президенті атынан жаңа жылдық шырша өтті. Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері бұл жаңа жылдық мерекеге белсенді қатысты.
![]() |
![]() |
Шыршаға қатысқан оқушылар үшін мереке ұйымдастырушылар «ғарыштық» қойылым қойып, кештің тақырыбын ғарыш саласына арнады. Жаңа жылдық қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Астана, Айсәуле, Төбет жұлдызы, Аяз-би келген балаларға жұлдызды аспанның құпияларын ашып, Астана кейіпкерінде келген сұлу бойжеткен қызды жиырма жылдық мерекесімен құттықтады.
![]() |
![]() |
Атап кетсек, мерекенің сценарийін Оқушылар сарайының педагогтары жазған болатын. Балалар үшін Оқушылар сарайының «Жас Дәурен», «Вдохновение», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Сплэш», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» көркемөнер ұжымдары шығармашылықтарын ұсынды.
Елбасы атынан шыршада 9 бен 13 жас аралығындағы 150-ден астам балғындар қатысты.
![]() |
![]() |