![]() |
![]() |
Оқушылар сарайында 8 желтоқсан күні «Анастасия» би-спорттық клубының арасында турнир өтті. Жас бишілер үшін жыл сайын өткізілетін мерекелік іс-шара бұл клубтың барлық бишілерінің басын қосты. Бишілердің ата-аналары, туыстары мен достары сахына төрінде ерекше би қойылымдарын тамашалады.
![]() |
![]() |
Бұл күні халықаралық, республикалық және облыстық сайыстарға қатысқан және жас бишілер өнерлерін ортаға салды. Ал жоғарғы топтар «Нежность» және «Самба» билерін нағыз жұлдыздар сияқты орындады. Турнирге қатысқан оқушылар вальс, ча-ча-ча, пасодобль, румба, самба, танго, джайв атты билерді көрсетті.
![]() |
![]() |
Кеш соныңда жетекшілері Виолетта Никитина және қазылар алқасы Анастасия Загорулько мен Кристина Тунгусовалар барлық қатысушыларға дипломдар табыстады.