«Дебют» авторлық студиясының жас әртістері Павлодар қаласының тұрғындарын құттықтады

Категория: Көркемдік бөлімі
Жарияланды: 30.08.2017 19:37
Дворцовские артисты поздравляют павлодарцев с праздником Дворцовские артисты поздравляют павлодарцев с праздником
Дворцовские артисты поздравляют павлодарцев с праздником Дворцовские артисты поздравляют павлодарцев с праздником

Облыстық Оқушылар сарайы «Дебют» авторлық студиясының жас әртістері Павлодар қаласының тұрғындарын Ата заң күнімен құттықтады. 30 тамыз күні олар Орталық жағажайдың сахынасында «Алға, Қазақстан!» әнің шырқады. Әннің сөзі мен музыкасын Эльвира Лютровник жазған болатын. «Дебют» авторлық студиясы Оқушылар сарайында 16 жыл жұмыс жасап келеді.

«Дебют» студиясы Қазақстан композиторларының одақ мүшесі, студия жетекшісі, авторлық балалар әндерін жазушы Эльвира Лютровниктің әндерін орындайтын ұжым. Студия аккомпаниаторы – Динара Капарова. Студия әншілері вокал дағдыларын алады, сахналау шеберлігі негізімен танысады, жанды өнермен орындай отыра, микрофонмен жұмыс істеуге үйренеді, дыбыс жазу студиясында жұмыс істейді, хореографиямен айналысады. Ұжымда әр түрлі вокал түрлері қолданылады: соло, дуэт, трио, вокал топтары. «Дебют» авторлық студиясы облыс және қала іс-шараларының тұрақты қатысушылары.