![]() |
![]() |
М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының «Блэйз» үлгілі эстрада би студиясы «Самрұқ» халықаралық өнер байқауына қатысты. Қазақстанның Елордасынан Павлодарлық би ұжымы «Пробуждение», «Дала», «Банана-мама» атты би қойылымдары үшін үш бірінші орынға қол жеткізді.
Аталмыш конкурс ЮНЕСКО-ның қолдауымен ұйымдастырылды. Хореография, театр және би өнерінде мың жарымға жуық қатысушылар өнерлерін паш етті.
Сахына үстіндегі қойылымды шетел хореографтары, хореография профессорлары, Франция мәдени ассоцияциясының президенті бағалады.
Іс-шараның шеңберінде Париж және Санкт-Петербург қалаларынан келген оқытушылар қайырымдылық шебер-сыныптар жүргізді.