Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы
Білім беру басқармасының
«М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы» КМҚК
төлқұжаты
Басшысы |
Ерубаева Алма Жумабаевна |
Қызмет түрі |
Мемлекет, қоғам, тұлғаның мүддесі үшін қосымша білім беру қызметін іске асыру, балалардың шығармашылығын дамыту үшін жағдай жасау. |
Ашылған күні |
5 қараша 1978 ж. |
Жобалық қуаты |
500 |
Оқыту тілі |
қазақ, орыс |
Контингент |
2300 |
Штаттық қызметкерлер |
132, оның ішінде педагогтер - 75 (жоғары білімді 63 - 84%,арнайы орта білімі бар 12-16%) жоғары оқу орнынан кейінгі білім 6-8%,педагог-зерттеуші -6,педагог-сарапшы - 5, педагог-модератор – 7, жоғары және бірінші санатты-16, екнші - 4). 1 педагог Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталды, 4 педагог «Ы. Алтынсарин» белгісімен марапатталды, 2 - «Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды, 12 – Қазақстан Республикасының БжҒМ Құрмет грамотасымен, 2 – «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен, 1 – «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» төсбелгісімен, 1-«Павлодар облысының білім беру жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, 1 - ҚР ОАМ РҚББОО «Балалық шақ досы» медалімен, 22-Павлодар облысы білім беру басқармасының грамотасымен. |
Кабинеттер |
36 кабинет бар, оның ішінде мамандандырылған- робототехника кабинеті, 9 кабинет интерактивтік құралдармен жабдықталған, астрономиялық сыныпта мультимедиялық құрал-жабдықтар бар, дыбыс жазу студиясы, 5 вокал студиясы, қазақ халық аспаптар оркестріне арналған кабинет, «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымы штабының кабинеті, «Рухани жаңғыру» кабинеті, робот кешенінің зертханасы, астрозертханасы, 3D-үлгілеу зертханасы,стартап-академия, IT-класс, 3 хореография залы, Covorking орталығы, 400 орынға арналған үлкен театр залы, 150 орынға арналған кіші дәріс залы, «Аталар - ардагерлер,немерелер–із зерттегіштер»әскери даңқ мұражайы, обсерватория телескоптармен жабдықталған: 3 планетарлық, 2 күн сәулелі, планетарий. |
Бастамалар |
Мүмкіндігі шектеулі балаларды дамыту бойынша жұмыс ұйымдастырылды, 4-5 жастағы оқитын тәрбиеленушілердің эксперименттік тобы жұмыс істейді. |
Жетістіктер |
-2006 жыл –М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы - мектептен тыс ұйымдардың «Білім Ұясы» Республикалық конкурсының «Үздік Оқушылар сарайы»аталымының жеңімпазы. 2018-2019 оқу жылы Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары 50 халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқауға қатысып, 232 марапатқа ие болды. Оның ішінде: 5 Бас жүлде, 88 бірінші орын, 74 - екінші, 58 - үшінші, 7 Кубок. 2022-2023 оқу жылында Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 47 байқауға қатысып, 181 жүлдені жеңіп алды. 2023-2024 оқу жылында Оқушылар сарайы шығармашылық ұжымы халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 33 конкурста қатысып, 128 жүлде жеңіп алды. |