Мы в соцсетях 

 facebook ok vk youtube

Антикоррупционная служба 

Колл центр 1424

Дворец школьников 

Облако тегов 

Наши посещения 

12654769
Сегодня
Вчера
На этой неделе
На прошлой неделе
В этом месяце
За прошлый месяц
За все дни
9662
17782
113718
12290016
348934
367470
12654769

Ваш IP: 35.170.81.62
Время: 2024-03-29 20:35:14

«Антарес» клубының тәрбиеленушілері Республикалық жас астрономдар жарысында жеңіске жетті

«Антарес» клубының тәрбиеленушілері  Республикалық жас астрономдар жарысында жеңіске жетті «Антарес» клубының тәрбиеленушілері Республикалық жас астрономдар жарысында жеңіске жетті
«Антарес» клубының тәрбиеленушілері  Республикалық жас астрономдар жарысында жеңіске жетті «Антарес» клубының тәрбиеленушілері Республикалық жас астрономдар жарысында жеңіске жетті

2018 жылдың 22-29 сәуір аралығында Алматы қаласында «Бөбек» рухани-адамгершілік оқыту және тәрбиелеу орталығының обсерваториясының негізінде Түкен Омаров атындағы оқушылар арасында Республикалық ғылыми жас астрономшылардың жарысы өтті.

Биылғы жылы ғылыми жарыста Қазақстанның 11 облысынан 7-10 сыныптар арасында 120 жас физиктер бақтарын сынады. Бұл байқаудың басты мақсаты – оқушылардың астрономия, ғарыш физикасы және космонавтика саласында білім деңгейлерін көтеру.

Павлодар облысын М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Санжар Ақылбекұлы (Зерде, Екібастұз қ.), Мағзам Ұлан (Жас дарын, Павлодар қ.), Ерназар Шүкенов (ОМЛИОД, Павлодар қ.) таныстырды.

Жас зертеушілердің жарысы үш турдан тұрып, бір жұмаға созылды. Бірінші турда астрономия пәні бойынша қиын деңгейдегі тапсырманы орындау қажет болды. Ал екінші турда жұлдызды карталарды пайдалана отырып, шоқжұлдыздарды танып біліп, кеңістікте бағдарларды жоғары деңгейде білу керек болды. Ал үшінші шығармашылық турда оқушылар астрономия саласына байланысты тапсырмаларды орындап, талдау жасады. Алматы қаласынан келген физика-математика мектебінің оқушылары 1-ші орынға иеленді. Ал Павлодар қаласының командасы ерекше білімдерін көрсетіп Республикалық жарыстан 2-ші орынға қол жеткізді.

Ғылыми жарыстың қазылар алқасы құрамында ҚР-ның Халық батыры, ҚР ғарышкері Айдын Айымбетов болған еді.

Алматы қаласында өткен жас астрономшылардың Республикалық жарысына оқушыларды дайындаған «Антарес» клубының жетекшісі Гүлнар Баубекова.

Добавить комментарий