Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651396
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6289
17782
110345
12290016
345561
367470
12651396

Сіздің IP: 23.20.51.162
Уақыт: 2024-03-29 12:46:38

Балғындар шебер болсын

Чтобы дети мастерили Чтобы дети мастерили

2015 жылдың 25 қараша күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында техникалық үйірмелер жетекшілері және технология пәні мұғалімдері үшін «Условия повышения уровня обученности в творческих объединениях технической направленности» тақырыбына сай облыстық оқыту семинары өтті. Бұл семинардың жұмысын ұйымдастырып әрі жүргізген Оқушылар сарайы  ғылым және техника бөлімінің педагогтары еді.

Семинарға аудандық білім бөлімінің 30 техникалық бағытындағы мамандар және  педагогтар қатысты.   (Ақтоғай, Ертіс, Шарбақты, Павлодар ауданы, Қашыр, Май, Железин аудандары, Екібастұз және Ақсу қалалары).

Чтобы дети мастерили Чтобы дети мастерили

Семинар қатысушыларының алдыңда ПМПИ-ның  теория және кәсіби білім беру кафедрасының аға оқытушысы, кәсіби оқытудың магистрі Гультан Кошегулова «Условия повышения уровня обученности в творческих объединениях технической направленности» тақырыбында сөз сөйледі.

Оқушылар сарайы жалпы техникалық модельдеу үйірмесінің жетекшісі Евгений Вазиянов «Развитие технического творчества и исследовательской деятельности на базе кружка общетехнического моделирования» тақырыбында сөз алды. Семинарға келген педагогтар Оқушылар сарайы ғылым және техника бөлімінің қосымша білім беру педагогтарының шеберлік-сабақтарына қатысты. Жапырақтарды өрумен жұмыс жасау және оларды  оқушылармен сабақта қалай қолдану туралы «Экомир» экологиялық тәрбие беру зертханасының жетекшісі Ирина Матвеева баяндады.

«Мастерок» алғашқы модельдеу үйірмесінің жетекшісі Гульнар Бектогаева семинар қатысушыларына қатты қағаздан жылжымалы бөлшектерді қоса отыра техникалық модельдердің үлгісін жасап көрсетті.

«Оқушылар сарайының астрономиялық бөлімі оқушылардың  зияткерлік дамуы үшін қолдану» туралы «Антарес» жас астрономшылар клубының жетекшісі Гульнар Баубекова баяндады. Келген қонақтар Оқушылар сарайының обсерваториясында болып қайтты.

Семинардың соныңда қатысушылар пікірлерімен алмасып, балалар техникалық шығармашылығында тежеу болып тұрған мәселелерге айқын тоқталды.

 

Түсініктемелер қосу