Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12642029
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14704
29268
100978
12290016
336194
367470
12642029

Сіздің IP: 34.234.83.135
Уақыт: 2024-03-28 19:05:53

Новосібір жұлдызды аспаны астыңда

Под звездным небом Новосибирска Под звездным небом Новосибирска

2015 жылдың 18-20 қыркүйек аралығында М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астрономия үйірмесінің командасы оныншы Сібірлік астрономиялық форумында болып қайтты.

Павлодардан келген алты адамнан тұратын «Антарес» астроүйірмесі, астрономдарға арналған  Сібірлік форумда Қазақстаннан келген алғаш топ болды. Бұл командаға енгендер Дамир Бекбаев,  Данияр Мұхтарханов, Әділ Қайрден, Лаура Макишева, Данил Голубев, Артем Шишкин  және  «Антарес» үйірмесінің жетекшісі Гүлнар Қайырболатқызы Баубекова еді. Сібірлік астрономиялық форум жыл сайын 2006 жылдан бастап Новосібір маңында «Чкаловец» сауықтыру лагерінде Обский теңізінің жағасында  өткізіледі.   

Под звездным небом Новосибирска Под звездным небом Новосибирска

Бұл форум Новосібір қаласының әкімдігінің «Швабе қорғау» АҚ, Сібір геологиялық жүйесі мен технология мемлекеттік университетімен қоса өткізіліп отырған іс-шара.  Өткен жылдағы форум секілді, осы жылғы форум да қыркүйек айында өткізіліп отырғаны кездейсоқ емес.  Қыркүйек айының ортасы ауа райының жылы мезгілі, қараңғы түндер кезі астрономиялық бақылауларға арналған өте қолайлы  уақыт. Форумның басты мақсаты астрономияның қоғамдық маңыздылығын көрсету, оқушыларға кәсіби бағдарға көмек беру, космос туралы ғылымда заманауи жетістіктерді талқылау.   

Аталмыш форумға қатысқан павлодарлық балалар үшін  әуесқойлық астрономияны зерттеу  ынталарын аса көтерді. Сібірлік астрономиялық форумның ұйымдастырушылары Павлодар қаласының «Антарес» үйірмесінің тәрбиеленушілеріне жаңа телескопты сыйға тартты.

 

Түсініктемелер қосу