Оқушылар сарайы өзінің тәрбиеленушілерін қарсы алады

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 15.09.2018 11:59
Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников
Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников

2018 жылдың 15 қыркүйек күні 2018-2019 оқу жылының басталуына орай Оқушылар сарайының алаңында салтанатты мереке өтті. Аталмыш шара барша павлодарлық балалардың жаңа шығармашылық маусымының тұсау кесері еді. Бұл мерекеде Оқушылар сарайының танымал «Блэйз», «Вдохновение», «Свет звезды», «Айдарай» ән және би ұжымдары өнер көрсетті.  Мерекелік концерттен соң барлық оқу кабинеттерінде студия жетекшілері өздерінің ұжымдары туралы ақпарат беріп, сабақ кестесімен таныстырды.

Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников
Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников

Павлодарлық Оқушылар сарайы шығармашылық мекені, бұны жұмыстың тиімділігі мен көрсеткіштер ауқымдылығы растайды.

2017-2018 оқу жылында Оқушылар сарайында 4263 тәрбиеленуші дәріс алды. Жыл сайын студиялар мен үйірмелердің саны артып, білім беру қызметінің үлкен сұранысқа ие болуда. Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымдары 51 халықаралық, республикалық және облыстық деңгейде конкурстарға қатысып, 213 жүлдеге ие болды. Оның ішінде 12 Бас жүлде болса, 98-і бірінші орын, 53-екінші орындар, 47-үшінші орын және 3 кубок иелері тағы да бар.

Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников
Дворец школьников встречает своих воспитанников Дворец школьников встречает своих воспитанников

Жаңа оқу жылында үлгілі ән және би студиялары өз оқушыларына есіктерін айқара ашады. Жас жеткіншектерді осыдан бірнеше жыл қатарынан көшбасшыларды тәрбиелеп отырған театр, әдеби үйірмелер, қоғамдық үйірмелер қарсы алады. Бейнелеу студиялары мен эстетикалық тәрбие беру үйірмелерінде балалардың алыдыңда шексіз шығармашылық әлем ашылады.

М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2018-2019 оқу жылында көптеген жаңа студиялар мен үйірмелер өз жұмыстарын бастайды.

Жаңашылдықтың бірі – астрозертхана, 3D-модельдеу зертханасы, стартап-академия, және IT-сынып.

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілерінің алдыңда көптеген жеңістер мен озық тәжірибелер күтілуде.