Оқушылар сарайында жаңа ІТ-сынып ашылды

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 25.05.2018 19:59
Открытие IT-кабинета Открытие IT-кабинета
Открытие IT-кабинета Открытие IT-кабинета

2018 жылдың 25 мамыр күні «Нұр Отан» партиясының «1000 ІТ-сынып» жобасы аясында М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында ІТ-сынып ашылды. Мектеп оқушылары үшін бағдарламалар мен робототехниканы тереңдетіп оқытуға арналған кабинеттің ашылуына аймақ басшысы Болат Бақауовта қатысты.

Открытие IT-кабинета Открытие IT-кабинета
Открытие IT-кабинета Открытие IT-кабинета

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченконың айтуы бойынша 25 мамыр күні аймағымызда бір уақытта 15 ІТ-сынып ашылды. «Ыбырай» жас бағдарламашылардың лигасы» қоғамдық қорының директоры Азиза Шужееваның айтуынша, кабинеттердің материалдық техникалық базасы толығымен жабдықталған. - Біз оқу бағдарламасын іске қосу бойынша белсенді жұмыс жасаудамыз, - дейді Азиза Шужеева. – Әр ІТ-сыныптан екі-үш адамды оқытамыз. Тек мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар түлектерді тартып, жүйе әкімшісін де дайындау жоспарымыз бар. Ұстаздарымыздың ІТ-ментор болғанын қалаймыз. Үш айдан соң бақылау өткізіп, бірінші модульдің қалай жүзеге асқанын көреміз. Тренингтер жасап, үздіктерді марапаттаймыз.

Айта кетейік, ІТ-сыныпта оқушылар еуропалық білім стандартына сай қарапайым алгоритмдердің тізбесін, бағдарлау мен Web-сайттарды, компьютер ойындарын, анимацияларды жасауды үйренеді. 2018 жылдың 1-қыркүйегіне дейін Павлодар облысының әр ауданы мен қаласында ІТ-сыныптар ашылады.