Павлодардың жас астрономдары аэроғарыш саласында ең үздік атанды

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 09.04.2018 15:25
Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли
Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли

Облыстық Оқушылар сарайының «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері Алексей Беличенко мен Қобланды Еренғаиптың ғылыми жұмыстарына Мәскеу авиациялық институтының қызметкерлері мен Microsoft компаниясының өкілдері қызығушылықтарын білдірді. Жетекшілері Гүлнәр Баубековамен Павлодар қаласының жас астрономдары Мәскеу қаласында өткен «Гагарин оқулары» атты Халықаралық жастар ғылыми конференцияның қатысушылары болды.

Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли
Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли Юные астрономы Павлодара лучшие в аэрокосмической отрасли

Биылғы жылы конференция 44-ші рет өтті. Аталмыш шараның бір ерекшелігі - жас ғалымдар ғылыми жобаларын ағылшын тілінде қорғады. Университеттің жетекші мамандары, оның ішінде кафедра жетекшілері, профессорлар, техника ғылымдарының докторлары 58 секцияларда 939 баяндама тыңдалды. Қобландының «Астрономиялық үрдістерді моделдеу» атты жұмысы «Инжинерлік есептердегі математика және информатика» секиясында үшінші орынға қол жекізді. Бұл жоба динамикалық қолданыста болып, оны жасау үшін web облысында технологиялар қоланылды.

Алексей Беличконың «Сызықтық масса үдеткіші» атты жұмысы «Зымран-ғарыш перспектива» секциясында 1-ші орынға ие болды. Алексей дәстүрлі ғарыш айлағында артықшылығы бар, қоршаған ортаны ластамайтын үдеткішті әзірледі.

Конференцияның қарсаңында 4-сәуір күні жас ғалымдар ғарышкерлерді дайындайтын «Жұлдызды қалаға» барып қайтты. «Антарес» клубының тәрбиеленушілері Халықаралық конкурстардың лауреаттары болғандықтан жабық болған нысанға кіруге мүмкіндіктері болды.