Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650341
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5234
17782
109290
12290016
344506
367470
12650341

Сіздің IP: 54.224.70.148
Уақыт: 2024-03-29 10:50:34

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері латын әліпбиін зерделеді

Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері  латын әліпбиін зерделеді Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері латын әліпбиін зерделеді
Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері  латын әліпбиін зерделеді Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері латын әліпбиін зерделеді

М.М. Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында жұма сайын «Рухани жаңғыру» кабинетінде латын графикасына байланысты сабақтар өткізіліп келеді. Ағымдағы жылдың 13 наурызында «Қазақша сөйлейік» тіл үйірмесінің тәрбиеленушілері үшін «Латын әліпбиімен танысайық!» атты қызықты сабақ өткізілді. Үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева тәрбиеленушілерге өлкеміздің мақтанышына айналған ұлы тұлғалар, көпшілікке танымал болған жерлестеріміз жөнінде құнды ақпарат берді. Сонымен қатар тіл мәселесіне байланысты қазақ әліпбиінің тарихы, Елбасы бекіткен жаңа латын қаріптері туралы мәліметтермен таныстырып шықты.

Сайран Болатқызы тәрбиелік мәні зор Ы. Алтынсаринның «Жаман жолдас» әңгімесі бойынша мәтінмен жұмыс жасады. Оқушылар мәтіннен негізгі сөздерді теріп, латын әріптерімен тақтаға жазуды үйреніп, өздерін тексеріп, сөздерді дұрыс оқи алатындарына көздерін жеткізді. Оқушылар сөздік қорын байытуға бағытталған «Шаршы» ойынын латынша қаріптермен жазып, ойын ойнады. Сабақтың соныңда латын әріптерімен жазылған тәрбиелік мәні зор мақал-мәтелдерді оқып, ал кейбір тәрбиеленушілер мақалдарды жаттап алды.

- Бұл өткізілген сабақта балалар латын графикасының ағылшын тіліне ұқсастығын байқады. Кейбір балалар қайта шабыттанып, белсенділік танытты. Қосарлы «я» , «ю» дыбыстарына байланысты сұрақтар қойды, – деді үйірме жетекшісі Сайран Ахантаева.

Түсініктемелер қосу