Патриотизм сабақтары

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 20.12.2017 12:21
Урок патриотизма Урок патриотизма
Урок патриотизма Урок патриотизма

14-15 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне арналған «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясында ертеңгіліктер өтті. Балалар мерекесіне Алдар Көсе мен Емеля ертегі кейіпкерлері келді.

Олар балалар үшін қызықты конкурстар өткізді. Алдымен жас жеткіншектер Қазақстан елінің әнұраның орындады. Содан соң Отанға арналған тақпақтар мен ән-билерін ортаға салды. Ертегі кейіпкерлері «Бәйтерек», «Көшпенділер», «Киіз үй» атты ұлттық ойындар ойнап, балалардың көңілінен шықты. Балалар мен қонақтар үшін «шашу» дәстүрі көрсетілді. Оушылардың шығармашылығында Отанға, елге, жерге деген махаббат пен сүйіспеншілік, болашаққа деген сенім көрінді.