«Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 12.10.2017 14:36
«Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты «Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты
«Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты «Білімпаз» студиясы буккроссингке қатысты

Ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап М.М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайының «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту судиясында буккроссинг «Менің алғашқы» кітабым атты акциясы ұйымдастырылды. Бұл акцияға «Білімпаз» студиясының барлық топтары белсене қатысты. Кішкентай оқушылар ата-аналарымен бірге кітап оқып, өздеріне ұнаған кітаптарын алып, орнына басқа кітаптар әкеліп, қызығушылықтарын білдірді.

- Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткізіліп отырған буккросинг іс-шарасы, кішкентай балдырғандармен ойдағыдай іске асырылып жатыр, - деп тұжырымдады «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту судиясының әдіскері Жадыра Ахметова.

«Буккроссинг» қазақшаға аударылғанда «кітап сыйлау» немесе «кітаптың айналыста жүруі» деген мағынаны білдіреді. Буккроссингті алғаш рет ойлап тапқан ғалым – Рон Хорнбекер.