«Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері университетінде төртінші халықаралық «Space science» атты мектеп конференциясына қатысты

Категория: Техника мен ғылым бөлімі
Жарияланды: 03.09.2017 11:38
Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»

29-31 тамыз аралығында Қазан қаласында Қазан Федералды университетінде төртінші халықаралық «Space science» атты мектеп конференциясы өтті. Қатысушылар арасында Оқушылар сарайы «Антарес» астроклубының тәрбиеленушілері мен жетекшілері Гүлнар Баубекова болған еді.

Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»
Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»

29 тамыз күні аталмыш мектеп шеңберінде астрономия пәні бойынша сабақ беретін ұстаздар үшін әдістемелік семинар өтіп, бұл семинарға Оқушылар сарайының педагогы Гүлнар Баубекова қатысты. Іс-шараға қатысушылар үш күн ішінде жиырмаға жуық лекциялар тыңдады. Қатысушыларға ғарыш тақырыбына сай байқаулар ұйымдастырылған еді.

Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»
Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»

«Антарес» клубының тәрбиеленушілері өз білімдерін жоғары дәрежеде көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Еренғайып Қобыланды 3-ші орынды иеленсе, Қаратай Әмір мен Алексей Беличенко шығармашылық байқауда 2-ші орынға лайық деп танылды. Балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Мектепке қатысушылар үшін баяндамаларды әйгілі оқымыстылар, астрономия және ғарыш саласындағы мамандар оқыды. Барлық қатысушыларды Қазан университеті атынан Физика институтының директоры Сергей Никитин және астрофизика мен ғарыш геодезиясының жетекшісі Наиль Сахибуллин қарсы алды.

Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»
Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science» Воспитанники астроклуба «Антарес» - участники четвёртой Международной школы-конференции «Space science»

Атақты ресей ғалымы, инфляция теориясының негізін қалаушы Ресей ғылым академиясының академигі Алексей Старобинский қонақтарды осы сөздермен қарсы алды:

- Мен әр жастағы конференция қатысушыларын көріп, қуанып тұрмын. Сендердің астрономия саласын таңдап алғандарын жақсы болды, өйткені астрономия XXI ғасырдың басты ғылымы.

Шара астрономиялық нысандар мен астрофизика, жұлдыздар мен галатиканы ғарыштан зерттеу тақырыбына арналып, алғашқы жасанды Жер серігінің орбитаға шығарылуына 60 жылдығына арналған еді. Астрофизикадан конференцияға 200-ге жуық оқушы, студент, аспирант және ТМД елдері мен Ресейдің түрлі аймақтарынан қосымша білім беру ұйымдарының педагогтары қатысты. Қазақстандық делегацияны Павлодар қаласының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері таныстырды.