Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654803
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9696
17782
113752
12290016
348968
367470
12654803

Сіздің IP: 54.242.191.214
Уақыт: 2024-03-29 20:39:51

Күзгі жапырақ жауыны-2015

Осенний листопад-2015 Осенний листопад-2015

Алтын сары,қызыл,көк...
Алуан алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

Шыны керек, күз мезгілі суретші секілді, жер бетін сары кілемге бояп, жер жаһанды түрлі түстерге көмкереді. Сүйікті қала мен ауланың күз келбетінің көркемдігіне әрине көз тартып сүйсінуге болады.

Сондықтан, М.Катаев атындағы оқушылар Сарайының «Сымбат» және «Палитра» бейнелеу студияларының жас суретшілері қолдарына қылқаламдарын алып, керемет туындылар шығарды. Бейнелеу шеберханаларының тәрбиеленушілері өз жетекшілері Елена Каркавина және Васелина Дмитриевамен   «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме ұйымдастырды.

Осенний листопад-2015 Осенний листопад-2015

Балалар бұл көрмеге бар ынта-жігерлерін салып дайындалды. Олар сурет салып қана қоймай күзгі табиғатты бақылап, керекті түстерді тауып, бояуларды араластыру өнерін меңгерді. Күздің әдемі келбетіне толғанып қызыққан балалар өз ойларын суреттерінде көрсете білді.

Сонымен, бүгінгі таңда қарандаш және қылқаламмен жасалған барлық суреттерді «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрмеде көруге болады. Бұл көрмеге екінші және үшінші оқу жылының оқушылары қатысты. «Күзгі жапырақ жауыны - 2015» атты көрме экспозициясы осы айдың соңына дейін жалғасын табады.

 

Түсініктемелер қосу