Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651338
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6231
17782
110287
12290016
345503
367470
12651338

Сіздің IP: 54.242.165.255
Уақыт: 2024-03-29 12:37:03

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары

21 қаңтарда М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында бейнелеу өнері мұғалімдері және қосымша білім беру педагогтеріне арналған облыстық семинар өткізілді. Білім беру және тәрбиенің осы заманғы тұжырымдамасы мен жаңғырту тұрғысынан семинар тақырыбы ерекше өзекті болды: «Оқушыларды бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнерге үйрету барысында патриотизмге және ұлттық мақтанышты тәрбиелеу».

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары

Семинардың мақсаты: балалар мен жасөспірімдер бойында патриотизм мен ұлттық мақтанышты тәрбиелеуде әріптестерді жұмыстың жаңа түрлерімен таныстыру,педагогтарға бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнерге оқыту мәселесінде әдістемелік көмек көрсету. Семинарда №2 БКМ педагогы Ольга Ивановна Ловина дәріс оқыды. Тақырыбы: «Зергерлік өнер арқылы оқушылардың ұлттық мәдениетін тәрбиелеу» Содан кейін педагогтар жаңа ақпараттық технологияларды пайдаланып өткізген шебер-сабақтарға шақырылды. «Коллаж техникасында ұлттық жұмыстарды сәндеуде дәстүрлік және инновациалық тәсілдер» (Оқушылар сарайындағы «Декор»студиясының жетекшісі Мирзоян Елена Леонидовна); «Сия техникасында ұлттық ертегілер кейіпкерлерінің суретін салу барысында оқушыларда адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеу» (Оқушылар сарайындағы «Сымбат» бейнелеу студиясының жетекшісі Каркавина Елена Александровна); «Кигізден әйелдер әшекейлерін жасап шығару» («Сырмақ» ұлттық қолөнер үйірмесінің жетекшісі Жагслах Дәуірбек Жақсылыққызы); «Ұлттық тақырыпта майлы графика техникасында суретті салу технологиясы» (Оқушылар сарайындағы «Палитра» бейнелеу студиясының жетекшісі Дмитриева ВасилинаАлександровна); «Зергерлік бұйымдардың эскиздарын жасау технологиясының ерекшеліктері» (№2 БКМ педагогы Ольга Ивановна Ловина). Семинар барысында балалар мен жастардың бойына ұлттық өнерге қызығушылық пен сүйіспеншілікті баулу, бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнерге үйрету үрдісінде оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыру, ұлтына деген мақтанышын арттыру, өнердің ұлттық түрлерін менгеру үлгісінде балалар мен жасөспірімдердің өздігінен жүзеге асыруын қамту туралы сөз етті.

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары

Семинардың жұмысына облыстың қалалары мен аудандарынан жалпы 77 педагог қатысты. Семинар жұмысы кезінде оның барлық қатысушылары белсенділік танытып және көкейтесті мәселелер бойынша талқылауға қатысты. Семинар аяқталғаннан кейін педагогтар Оқушылар сарайының әдістемелік кабинетінде жұмыстарын жалғастырды.Олар пайдалы тәжірибелерімен бөлісіп,бейнелеу және сәнді-қолданбалы өнер бойынша жиналған әдістемелік материалдармен танысты және өздерінің электрондық портфолиоларын жаңа әзірлемелермен толықтырды.Педагогтермен жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде мынандай қорытынды жасауға болады: семинар өте табысты өтті.Семинардың барлық қатысушылары оның ұйымдастырушыларына «үздік»деген баға қойды.

Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары Қосымша білім беру педагогтарының облыстық оқыту семинары

Семинарға қатысқандардың пікірлерін айта кетсек: «Пайдалы да қызықты нәрсе көп болды, бәрі де ұнады» (Маленова Зауре, «Эмералд»балалардың бос уақытын қамту орталығы); «Өзекті, танымдық семинар,үлкен рахмет!» (Зяблицева Олеся, ДЮЦЭТ); «Бәрі қызықты,танымы мол,қажетті,сұранысқа ие!» (Орт Инесса, ДЮЦЭТ). Ең біріншіден педагогтарды қызықтыратын мәселелер - балаларды үйірмелерге тартудың қолайлы түрлері,дарынды балалармен жұмыс жүргізу,жоғары сынып оқушыларының сәнді-қолданбалы өнерге қызығушылығын және белсенділігін дамыту әдістері және қосымша білім беру педагог жұмысын жетілдіру.Себебі оқыту үшін өзінде көп іздену керексің.

Түсініктемелер қосу