Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12650747
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
5640
17782
109696
12290016
344912
367470
12650747

Сіздің IP: 204.236.220.47
Уақыт: 2024-03-29 11:38:30

Семинар, дөңгелек үстел және флэш-моб

Семинар, круглый стол и флэш-моб Семинар, круглый стол и флэш-моб
Семинар, круглый стол и флэш-моб Семинар, круглый стол и флэш-моб

2016 жылдың 11 ақпан күні М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайында «Павлодар Ертіс Өңірінің балалары» балалар-жасөспірімдер ұйымының қызметі ҚБЖҰ-ның бағдарламасын іске асыру» тақырыбы аясында облыстық семинар өтті. Семинарға «Жас Ұлан» қызметін үйлестіруші қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері, қалалық және аудандық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының үйлестірушілері, аға тәлімгерлер, бейбітшілік бітімгерлері қатысты.

Семинар, круглый стол и флэш-моб Семинар, круглый стол и флэш-моб

Аталмыш семинар аясында балалар-жасөспрімдер белсенділерінің қызметінің басты бағыттары бойынша 4 шығармашылық практикум болды. Семинар қатысушылары «Облыстық балалар бейбітшілік орталығында волонтерлік қызметінің технологиясы» атты квест-ойынын ойнап, «Музей педагогикасы – тарихи дәуірлердің қарым-қатынасы» атты музей сабағына қатысты. Аға тәлімгерлер үшін «Мектеп омбудсмендерімен жұмыс технологиясы» атты брансторминг (миға шабуыл) өткізіледі. «Жасөспірімдер және журналистика: оқушылардың әлеуметтік белсендіктерін қалыптастыру» атты шығармашылық шеберханасында балалар баспасөзімен айналысатын педагогтар мен аға тәлімгерлер жиналды. Сонымен қатар «Чернобыль» жобасы арқылы азаматтық-патриоттық тәрбиені қалыптастыру» атты оқушыларға арналған алаң кинозалына айналып, олар атом станциясында болған сұмдық апат жайлы бейнероликтер мен фильм үзінділерін тамашалады.

Қалалық және аудандық білім бөлімдерінің әдіскерлері мен қалалық және аудандық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының үйлестірушілері үшін «Павлодар Ертіс Өңірінің балалары» балалар-жасөспірімдер ұйымының қызметі ҚБЖҰ-ның бағдарламасын іске асыру» тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары 2015-2016 оқу жылының 1-ші жарты жылдығына «Жас Ұлан» жұмыс талдауын жасап, болашақта жұмыстың қарым-қатынасын белгіледі.

Семинардың 89 тыңдаушылары ұйымдастырушылар мен бірге «Жас Ұлан» Әнұраны атты тәлімгерлік флэш-мобқа қатысты. Семинар қортындысында «Ұрпақ +» жалпыұлттық мәдени-білім беру жобасы аясында жасалған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 қадам» атты жобасының тұсау кесері өтті.

Түсініктемелер қосу