Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12641524
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
14199
29268
100473
12290016
335689
367470
12641524

Сіздің IP: 44.222.146.114
Уақыт: 2024-03-28 18:36:01

Сәлем, мектеп!

Здравствуй, школа! Здравствуй, школа!

Павлодар қаласының мектептеріне демонстрациялық сабақтармен шығу М.Катаев атындағы  облыстық Оқушылар сарайы педагогтарының дәстүріне айналды. Біріншіден, мектеп оқушылары үшін бұндай кездесулер өте қызықты, өйткені олар күнделікті сабақтардан ерекшеленіп және мектеп өміріне әртүрлілік енгізеді. Екіншіден балалар Оқушылар сарайының студиялар мен клубтары туралы  мәлімет алады.

Қазан айында Оқушылар сарайының педагогтері мен әдіскерлері қаланың № 17,12,23 мектептерінде әдістемелік шығу өткізген болатын. Құқық, экологиялық, көркемдік-эстетикалық және тілдік бағыттағы клубтар және студия жетекшілері 203 оқушы, 15 мұғалім үшін,  18 шеберлік сабақ өткізді.

Здравствуй, школа! Здравствуй, школа!

Шеберлік сабақтарды өткізу барысында оқушылар автомобиль үлгілерін жинап үйренді, «Квилинг» техникасында қағазбен жұмыс жасады, үй  жануарларының міңез-құлқын зерттеді, скаут қозғалысымен танысты, мексикалық амулеттерді жасауға үйренді, сахналық өнермен, домбыра және қобызда шертуді үйреніп, «Волонтер қызметінің ережесін»  қабылдады.

Здравствуй, школа! Здравствуй, школа!

Балалар оқушылар Сарайының психологиялық қызметімен таныс болды. Психологтар Оқушылар сарайының сенімдік телефон туралы балаларға хабарлап, оларды қоғамдық қабылдауларға шақырды.

«Антарес» астрономия клубы және «Робототехника» үйірмесінің ашылуы, мектеп оқушылары үшін жақсы жаңалық болды. Әдістемелік шығудың қорытындысын шығару барысында мектептерде «Тәуелсіз микрофон» жұмыс істеді, онда өткізілген шеберлік сабақтар бойынша мұғалімдер мен оқушылар жағымды ойларымен, пікірлерімен бөлісті.

Түсініктемелер қосу