Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654766
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9659
17782
113715
12290016
348931
367470
12654766

Сіздің IP: 100.26.135.252
Уақыт: 2024-03-29 20:34:22

Жеңіс алауы

Жеңіс алауы Жеңіс алауы

Көпұлтты Қазақстан неміс-фашисттік басқыншыларымен күресу үшін кеңес ұлты үшін лайықты үлесін қосты. Павлодар қаласында 9 сәуір күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Патриот» Республикалық акциясы шеңберінде «Мәңгілік алауды жүректе сақтаймыз» ұранымен «Жеңіс алауы» атты әскери-спорттық эстафетасы өтті.

Шара басталмас бұрын Даңқ ескерткішінде 150-ден астам адам жиналды – олар кадет мектебінің жеке құрамы және қалалар мен аудандардың патриоттық клубтарының оқушылары. Іс-шараның құрметті қонақтары Ұлы Отан соғысының ардагері Гоков Николай Евсеевич, афган соғысының ардагері Кокумбаев Төлеген Жамитұлы, Павлодар облысы білім басқармасының орынбасары Мұқанов Саян Назымұлы, Павлодар облысы қорғау ісі департаменті бастығының орынбасары Букеман Дмитрий Александрович, Павлодар облысы ішкі саясат бөлімінің бастығы Капенов Бауыржан Абуталипұлы болды.

Жеңіс алауы Жеңіс алауы

Отанымыздың болашақ қорғаушыларын Ұлы Отан соғысының ардагері Гоков Николай Евсеевич, Павлодар облысы қорғау ісі департаментінің бастығының орынбасары Букеман Дмитрий Александрович және Павлодар облысы ішкі саясат бөлімінің бастығы Капенов Бауыржан Абуталипұлы қошеметтеді.

Іс шараның ашылуында аймақтық оқу тәжірибе дене шынықтыру орталығының алғашқы әскери дайындық бөлімінің бастығы Д.Е. Есмагамбетов және екінші шеңдегі капитаны Т.М.Аленов болды.

Іс шараның қатысушылары майдангерлерге, жеңімпаз ұрпаққа үлкен ризашылығын білдіріп, минуттік үнсіздікпен қаза болғандардың ескерткішіне тағзым етті. Қаза болған әскерлеге тағзым етіп, эстафета қатысушылары мәңгілік алауға гүл шоқтарын қойды.

Жеңіс алауы Жеңіс алауы

Осы күні Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70-жылдығына арналған «Патриот» Республикалық акциясы шеңберінде «Жеңіс алауы» жағылды, бұл алау сәуір айының 10-нан 22-сі аралығында облысымыздың қалалары мен аудан орталықтарында эстафета бойынша беріледі.

«Жеңіс алауын» жағып тапсыру құқығы Ұлы Отан соғысының ардагері Гоков Николай Евсеевичпен, Ақсу қаласы «Патриот» әскери-патриоттық клубының мүшесі Николай Коваленкоға берілді. Барлық қалалар мен аудан орталықтарында Мәңгі алау жанында Жеңіс алауы жағылады.

Эстафетаны Ақсу қаласы бастайды. 11 cәуір күні Май ауданы жалғастырса, 12 сәуір күні Баянауыл ауданы алады, ал келесі күні – Екібастұз қаласы болады. 14 сәуір күні Ақтоғай ауданы жалғастырады, 15 сәуір күні Ертіс ауданы, 16 сәуір күні Железин ауданы, 17 сәуір күні – Қашыр ауданы, 18 сәуір күні Успен ауданы, 19 сәуір күні Шарбақты ауданы, 20 cәуір күні Лебяжі ауданы, 21 cәуір күні Павлодар ауданы, ал 22 сәуір күні эстафетаны Павлодар қаласы аяқтайды.

Мерекелік бағдарламаны М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының ең үздік көркемөнер ұжымдары әндерімен безендіріп, соңы мерекелік отшашуға ұласты.

Түсініктемелер қосу