Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12644558
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
17233
29268
103507
12290016
338723
367470
12644558

Сіздің IP: 44.202.183.118
Уақыт: 2024-03-28 22:54:18

«Болашақ бүгіннен басталады»

«Болашақ бүгіннен басталады» «Болашақ бүгіннен басталады»

Бүгін М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының облыстық Құрылтайы қатарынан жетінші рет өткізіліп отыр. Аталмыш іс-шараға Павлодар-Ертіс өңірінің түкпір-түкпірінен белсенді балалар, көшбасшылар жиналды.

 

Олар үшін облыстық «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері балалар мен жасөспірімдер проблемалары талқыланған дөңгелек үстелдер, көшбасшылар академиясын ұйымдастырды. Патриотизм, «Жас Ұлан» ұйымының танымалдылығы, Қазақстандағы еңбек қоғамы, ҰОС ардагерлеріне құрмет, еліміздің болашаққа бағытталған жоспарларын асырудағы жастардың рөлі, әлеуметтік желілерде өзіңді танытуға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

«Болашақ бүгіннен басталады» «Болашақ бүгіннен басталады»

Дөңгелек үстелдерді «ЖасОтан» ЖҚ, «РубиКом» ЖШС өкілдері, қала мектептерінің аға тәлімгерлері, Оқушылар сарайының ұйымдастырушы-педагогтері өткізді. Құрылтай облысымыздың «Жас Ұлан» ұйымдарының алдағы екі жылға арналған жоспарын және Үлкендер мен Балалар палатасының құрамын бекітумен аяқталды.

Түсініктемелер қосу