Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12639489
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
12164
29268
98438
12290016
333654
367470
12639489

Сіздің IP: 3.89.163.120
Уақыт: 2024-03-28 14:15:19

Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз!

Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз! Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз!

2014 жылғы 30 қазанда М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы негізінде «Тәлімгерлер қауымдастығы» облыстық жобаның аясында «Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тәрбие бағдарламасы зерттемесінің әдістемесі»тақырыбында облыстық семинар өтті.

 

Облыстық семинарға Ақтоғай, Железин, Ертіс, Қашыр, Лебяжье, Павлодар, Шарбақты, Успен аудандарының және Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының мектептерінен 62аға тәлімгерлері қатысты. Ертіс ауданы және Павлодар, Екібастұз қалаларының белсенділігін атап өтуге болады. Баянауыл (ауа-райының жағдайы) және Май (аудандық Құрылтайды өткізуі) аудандары іс-шара ұйымдастырушыларды алдын ала ескертіп,орынды бір себептермен қатысқан жоқ.

«Тәлімгерлер қауымдастығы»облыстық жобаның аясында өткен барлық іс-шаралардың мақсаты тәлімгерлерге,педагогтерге,«Жас ұлан»үйлестірушілеріне инновациялық тәрбие бағдарламаларды және технологияларды менгеруіне,әзірлеуіне көмек көрсетуге бағытталған.

Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз! Жасқыраншылар – біздің болашақ көмекшілеріміз!

Семинарда үш проблемалық топ жұмыс жүргізді: «Жасқыраншылардың өміріне ойынды оның бастапқы мағынасында енгізу»; «Жасқыраншыларды жұртшылықты тәрбиелеуге тарту»; «Қазақстан халқының тарихын,мәдениетін білу негізінде өскелен ұрпақтың рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру». Семинардың негізгі мақсаты бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс жүргізуде қатысушылар арасында тәжірибе алмасу, жүйені қалыптастыру, негізгі жобаларды анықтау.

«Кіші мектеп жасындағы балаларға арналған тәрбие бағдарламасы зерттемесінің әдістемесі»атты практикумда жасқыраншыларға бағытталған аймақтық бағдарлама жобасы әзірленді. Балалар мен жасөспірімдер ұйымдарының VII Құрылтайын өткізу тұжырымдамасы талқыланды.Бұл бастама облыстық «Жас Ұлан» БЖҰ үшін жұмыстың негізгі бағытын айқындауға септігін тигізді.

Түсініктемелер қосу