«Үздік Ұлан – 2018» облыстық конкурсы

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 21.05.2018 10:17
Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»
Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»

2018 жылдың 18 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер штабының бастамасымен «Үздік Ұлан – 2018» облыстық конкурсының финалы өтті. Аталмыш іс-шарада Павлодар облысының аудан мен қалаларынан «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымдарынан 11 ең үздік команда қатысты.

Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»
Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»

Конкурстың екі кезеңінде қатысушылар «Мен және менің ұйымым» және «Свободный микрофон» атты шығармашылық конкурстарында өздерін таныстырып өтті. Жас ұландықтарға әділ баға берген «Балалар үшін» төсбелгісінің иегері, педагогика еңбегінің ардагері, балалар-жасөспірімдер ұйымының алғашқы төрағасы Надежда Фирсова, қалалық сауықтыру орталығының әдіскері, «Домовёнок» театр студиясының жетекшісі Жанна Баженова, Павлодар қаласы білім бөлімінің «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығы басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары Гульнар Хусаинова, «Жас Ұлан» облыстық балалар-жасөспірімдер ұйымының аймақтық хатшысы Бауыржан Сейталиев.

Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»
Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018» Областной конкурс «Үздік Ұлан – 2018»

Конкурсқа белсенді қатысқан үшін дипломмен:
Шарбақты ауданының балалар-жасөспірімдер ұйымы ЖОМ;
Железин ауданы №2 ЖНМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Ертіс ауданы М.Горький атындағы ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Май ауданы Жалтыр ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;

3 орын дипломдармен:
Қашыр ауданы Балалар үйінің балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Баянауыл ауданы Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатының балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Павлодар ауданы Черноярка ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;

2 орын дипломдармен:
Павлодар қаласы №25 ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;
Екібастұз қаласы № 17 ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;

1 орын дипломмен:
Лебяжі ауданы, Лебяжі ЖОМ балалар-жасөспірімдер ұйымы;

Ақсу қаласының №4 ЖОМ-нің балалар-жасөспірімдер ұйымы бас жүлдеге ие болды.

Қатысушыларды облыстық конкурсқа дайындаған үшін 13 аға тәлімгер алғыс хатпен марапатталды. Аталмыш іс-шара барысында балалар-жасөспірімдер ұйымының штабы ұйымдастырған жобаларға қатысушылар марапатталды. «Туған жер» кешендік жобасының «Туған жеріммен бірге», «Экокультура родного края», «Эко селфи – селфи с пользой», «Кафе для птиц», «Экологическая культура»; «Петроглифы археологического ландшафта Тамгалы», «Туған жеріме арнау», «Моё родное Прииртышье» атты тарихи жерлерге байланысты өлкетану сайыстары өз жеңімпаздарын анықтады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында «Открытая площадка. В Эфире Жас Ұлан» атты балалар-жасөспірімдер ұйымының штабының бастамасымен ұйымдастырып отырған кешендік жобасының павлодарлық №№ 5, 14, 22, 30, 43 мектептер марапатталды.

«Адал Ұрпақ» жемқорлыққа қарсы күрес облыстық жобасының белсенді қатысушылары Ақсу, Лебяжі, Қашыр ауданының балалар-жасөспірімдер ұйымдары марапатталды. Іс-шараның салтанатты кезеңі «Аға тәлімгерлерді марапаттау» бөлімімен жалғасын тапты. Павлодар облысының балалар-жасөспірімдер ұйымының 40 педагог-жетекшілеріне 2017-2018 оқу жылында еңбек нәтижесінің жоғары деңгейі үшін және Облыстық штабпен тығыз серіктестік үшін алғыс хаттармен марапатталды.

Итоги проекта Туған жер

Список награждаемых педагогов и вожатых Благодарственными письмами от лица Штаба Областной детско-юношеской организации «Жас Ұлан»