«Үздік Ұлан-2018» облыстық байқаудың қалалық туры

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 13.04.2018 08:37
Городской тур областного конкурса «Үздік Ұлан-2018» Городской тур областного конкурса «Үздік Ұлан-2018»
Городской тур областного конкурса «Үздік Ұлан-2018» Городской тур областного конкурса «Үздік Ұлан-2018»

12 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының үлкен залында «Үздік Ұлан-2018» Павлодар қаласының мектептері арасында облыстық байқауының іріктеу кезеңі өтті. Қалалық турдың бұл шарасы екі күн өткен болатын.

Бірінші кезеңде мектеп өзін-өзін басқару ұйымдарының ұланбасылар портфолиосын ұсынды, ал екінші турда – шығармашылық нөмірді көрсетті. Оқушылардың қойылымдарын Назарбаев химия-биология зияткерлік мектебінің педагог-ұйымдастырушысы Арайлым Айбекова, Ямышев мектебінің аға тәлімгері Даметкен Апиисова және Павлодар қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту қалалық бөлімінің әдіскері Жанна Баженова болды.

Қортындысында павлодарлық №25 мектептің «Жас Ұлан» балалар-жасөспрімдер ұйымының көшбасшылары жеңіске жетті. Павлодар қаласының № №40,13,15 ЖОМ-нің көшбасшылары жүлдегерлер қатарында болды. Қазылар алқасы Павлодар қаласының №32 ЖОМ-нің «Жас Ұлан» балалар – жасөспірімдер ұйымын «Жеңіске құштар болу» номинациясы бойынша атап өтті. 2018 жылдың мамыр айында павлодарлық №25 мектептің «Жас Ұлан» балалар-жасөспрімдер ұйымы «Үздік Ұлан-2018» облыстық байқауына жолдама алды.