Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті

Категория: Әдістемелік бөлімі
Жарияланды: 15.12.2017 18:15
Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті
Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті Оқушыларға арналған қоғамдық қабылдау өтті

Оқушылар сарайында 2017 жылдың 12 желтоқсан күні Павлодар қаласының мектеп оқушылары үшін «Еліктеуге – жол жоқ» атты тақырыпта балалар қоғамдық қабылдауы өткізілді. Аталмыш іс-шарада Павлодар қаласының оқушылары үшін тақырыпқа сай практикалық тренинг, жаттығулар, рефлекция өткізілді.

Павлодар қаласы дағдарыс орталығының психологы Елена Глотова жасөспірімдермен ойын түрінде сабақ жүргізді. Бұл күні оқушылар жасөспірімдік кезеңнің сыр-қырларын түсініп, оқушылардың мінез-құлықтарындағы ерекшеліктері және кемшіліктерді талқыға салды. Жасөспірімдердің үйлесімді дамуына ықпал ететін қорғаныш факторларын анықтады. Сонымен қатар оқушылардың мектепте қиындық туған кезде, одан шығудың жолдарын, отбасыдағы жақсы қарым-қатынас, өзара түсіністің дамуы туралы тілге тиек етіп, күнделікті күн тәртібін дұрыс жоспарлаудың жолын іздеді.

Аталмыш шарада Павлодар қаласының №14,17,28 ЖОББМ-нен 43 оқушы, 3 педагог қатысты.