Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12641012
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
13687
29268
99961
12290016
335177
367470
12641012

Сіздің IP: 3.238.62.119
Уақыт: 2024-03-28 17:45:43

Кітап - білім бұлағы

Читать не вредно Читать не вредно
Читать не вредно Читать не вредно

6 желтоқсан күні облыстық Оқушылар сарайының үлкен залының фойесінде «Білімпаз» студиясының кішкентай тәрбиеленушілері бас қосты. Бұл шараға әрбір кішкентай жас жеткіншек өзімен бірге кітап ала келіп, жаныңдағы досыңа сыйға тартты. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында сахыналық қойылым және Сарай бойынша экскурссияға жалғасқан  буккроссинг қызықты өтті.

Читать не вредно Читать не вредно
Читать не вредно Читать не вредно

Аталмыш шара Оқушылар сарайында оқу жылы бойы өткізіліп келеді, ал біздің кішкентай оқырмандарымыз алғаш рет қатысып отыр. Бүл күнгі буккроссингтің әрбір қатысушысы өзімен бірге үйлерінен сүйікті кітаптарын алып келді. Кейбір балалар қолдарына қысып кітаптарын ұстап тұрса, ал кейбіреулері сол жерде балаларға арналған өлеңдер, әңгімелер, ертегілерді бар қызығушылығымен қарап жатты. Оқушылар сарайының педагогтары балалардың сүйікті кейіпкерлерін сомдап, викториналар өткізді. Балаларға қонаққа сараң Бай, Алдар Көсе, Почтальон Печкин, Карлсон, Кот Базилио және тағы да басқа персонаждар келді. Сахыналық қойылымнан кейін оқуышлар кітапханаға барып, шағын хайуанаттар бағында жануарларға тамақ берді. 160 астам бала буккроссинг іс-шарасына қатысты.

Айта кетсек, жаз айында Оқуышлар сарайында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Буккроссинг» облыстық алаңы жұмыс атқарды. Мемлекеттік және орыс тілінде 100-ден астам кітаптар сөрелерге қойылып, өзінің оқырмандарын қуантты. Авторлардың қатарында - мінсіз әдеби шығармалармен қазіргі заманғы жазушылар, классиктер, сонымен қатар танымал емес авторлар да болды. Кітапханаға ұқсас сөрелерінде анықтамалар, әр түрлі жанрдағы кітаптарды кездестіруге болды. Жаз айында буккроссингке 195 бала, педагогатр және олардың ата-аналары қатысты. Осы жолы Самуил Маршак, Корней Чуковский, Агния Барто, Мубарак Жаманбалинов, Кадырали Мырза Али, Есентай Ерботин сынды балалар әдебиетінің майталман жазушыларының кітаптары ерекше сұранысқа ие болады.

Түсініктемелер қосу