Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12652079
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6972
17782
111028
12290016
346244
367470
12652079

Сіздің IP: 44.211.188.101
Уақыт: 2024-03-29 14:16:21

Психологтарға арналған ең алғашқы облыстық жобасы жоғары бағаға ие болды

 

Первый областной проект для психологов получил высокую оценку экспертов Первый областной проект для психологов получил высокую оценку экспертов
Первый областной проект для психологов получил высокую оценку экспертов Первый областной проект для психологов получил высокую оценку экспертов

24 қараша күні «Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасының финалдық кезеңі Оқушылар сарайында өтті. Оқушылар сарайының сахына төрінен Павлодар, Ақсу қаласы және Екібастұз, Успен және Ертіс аудандарының психологтары өз авторлық жобаларын ұсынды.

Бұл сайыстың сарапшылар құрамы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының, Білім беру және тәрбиені дамыту инновациялық орталығының өкілдері, Павлодар қаласының мектептері жеңімпаздарды анықтады. «Ең үздік авторлық бағдарлама» номинациясы бойынша 1-ші орын Ертіс ауданы Северная жалпы орта білім беру мектебінен Римма Абигузиноваға бұйырса, ал 2-ші орын Павлодар қаласы №20 мектеп-лицейінің психологы Динара Баильдинова иеленді. Аталмыш номинацияда №36 ЖОМ-нің психлогы Оксана Камшук үшінші орынға қол жеткізді.

«Ең үздік әдістемелік құрал» атты номинациясы бойынша Данна Нагасимова, Виктория Фольц және Жаңагүл Төлеубаевалар жеңіске жетті. Ақсу қаласы №24 балабақшасынан Данна Юрьевна 1-ші орынға иеленді. Екінші орынға Павлодар қаласы №34 инновациялық типіндегі ЖОМ-нен Виктория Викторовна қол жеткізді. Абай атындағы №10 мектеп-лицейінен Жаңагүл Бағдатқызы өз жұмысы үшін 3-ші орынды жеңіп алды.

«Психологтарға арналған ең үздік авторлық бағдарлама мен әдістемелік құрал» атты облыстық жобасында Павлодар облысы білім беру ұйымдарынан 30 психолог қатысты.

Түсініктемелер қосу