Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12651984
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6877
17782
110933
12290016
346149
367470
12651984

Сіздің IP: 54.160.245.243
Уақыт: 2024-03-29 14:06:08

Жаңа жылдық мерекелер

Новогодние праздники Новогодние праздники

2015 жылғы 24-25 желтоқсан аралығында облысымыздың 300-ге жуық балдырғандары үшін Павлодар қаласының «Ертіс» қонақ үй кешенінің залында Қазақстан Республикасы Президенті атынан және облыс әкімінің атынан Жаңа жылдық мерекелер өтті. Жаңа жылдық ертеңгілікте ертегі кейіпкерлері болып Оқушылар сарайының педагогтары ойнады. Оқу озаттары, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, мүгедек балалар жаңа жылдық шырша шеңберін жүргізді.

М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы көркемөнер бөлімінің ұжымдары басты жаңа жылдық шырша мерекесінде әсем ән және мың бұралған билерімен барша жұртты қуантты.

Новогодние праздники Новогодние праздники

Көңілді шырша маңындағы мерекеден кейін балаларға тәтті тартулар ұсынылды.

Желтоқсанның 27-28 күні Оқушылар сарайы «Білімпаз» эстетикалық тәрбие беру және дамыту студиясының балдырғандары жаңажылдық мерекеге қатысты.  Балаларға ертегі кейіпкерлері мен жаңа жылдың иесі – мешін қуанышты күй сыйлады.

Новогодние праздники Новогодние праздники

Аязата мен Ақшақар балалар үшін жаңажылдық шырша отын жағып, тәтті сыйлықтар сыйлады. 28 желтоқсанда Мичурин балалар үйінің 14-17 жас аралығындағы оқушылары үшін «Жаңа жыл ырғағында» атты би кеші жоспарланып отыр. 29 желтоқсан күні денсаулықтарында ақаулықтары бар балалар үшін және мүгедек балаларға арналған  «Жаңа жыл шырша маңында» атты мереке ұйымдастырылады. Оқушылар сарайының би және вокалдық ұжымдарының тәрбиеленушілеріне арналған жаңажылдық би 30 желтоқсанда өтеді.

Новогодние праздники Новогодние праздники

Новогодние праздники Новогодние праздники

Түсініктемелер қосу