Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12654960
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9853
17782
113909
12290016
349125
367470
12654960

Сіздің IP: 44.212.94.2
Уақыт: 2024-03-29 21:01:16

Президенттік шырша

Президенттік шырша Президенттік шырша

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаевтың атынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балалар үшін жыл сайынғы «Бiз мәңгiлiк ел боламыз!» атты жаңажылдық шыршаны өткізу М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушылар сарайының жақсы дәстүріне арналған.

Президенттік шырша Президенттік шырша

Биылғы жылы да 24 желтоқсанда Президенттік шыршаға «Ертіс» безендірілген қонақүй кешеңінде өткізілген Павлодар өңірінің қалалары мен аудандарынан үлкен жаңажылдық мерекеге 9-дан 13-жасқа дейінгі 150 жетім бала келді. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан  Әбішұлы Назарбаев экраннан балдырғандарға ең жарқын құттықтау сөздерін жолдады.

Президенттік шырша Президенттік шырша

Ол балаларға жақсы үлгерімді,еліміздің қадірлі азаматтары болуын тіледі. Облыс әкімі Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев балаларға президенттік сыйлықтарды табыс етті: унибуктар, планшеттер, кітаптар,ойыншықтар және кәмпиттер. Одан кейін балалар шыршаны айналып,мерекелік бағдарламаны тамашалады.Көңілді клоундар олармен бірге би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлай білді.

Президенттік шырша Президенттік шырша

Сонымен қатар жақсы әсер сыйлаған Ж.Аймауытов атындағы театрдың әртістері және Оқушылар сарайының көркемдік ұжымдары дайындап өткізген театрландырылған қойылым. Қойылымның кейіпкерлері Аяз Ата, Ақшақар, Тұлпар, Жалмауыз кемпiр, Ғарыш адам, Ғарышқыз, Самұрық,  Жұлдызхан, Батыр 1, Батыр 2, Жаңа жыл (Қой) және Қошақан болды. Әдеттегідей үшінші сиқырлы жалбарынудан кейін үлкен шырша мыңдаған түрлі-түсті отпен жарқ етті. Аяз Ата мен Ақшақар қонақтарға шыққанда балалардың қуанышында шек болған жоқ.

Жаңажылдық баллдан кейін балаларды «Сладкоежка»кафесінде мерекелік жаңажылдық дастархан күтіп тұрды.Бұл мейрам балалардың естерінде қалары сөзсіз.

Түсініктемелер қосу