Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647730
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2623
17782
106679
12290016
341895
367470
12647730

Сіздің IP: 3.237.186.170
Уақыт: 2024-03-29 05:24:36

«Нағыз қазақ, қазақ емес, нағыз қазақ домбыра…»

 «Домбра с людьми и плачет, и поёт…» «Домбра с людьми и плачет, и поёт…»
 «Домбра с людьми и плачет, и поёт…» «Домбра с людьми и плачет, и поёт…»

2018 жылдың 2 наурыз күні М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Күй тартыс» домбыра орындаушылардың облыстық конкурсының финалы өтті. «Күй тартыс» домбыра орындаушылар облыстық конкурсының басты ерекшелігі ұлттық аспаптар мұрасын сақтау, ұлттық дәстүрлерді жалғастыру, рухани құндылығымызды дәріптеу.

Күй тартыс додасында жас ақындар бас қосты. Көрермендер Құрманғазының «Балбырауын», «Адай», «Сары-арқа», Дәулеткерейдің «Түркімен», Желдібаевтің «Ерке сылқым», Дина Нүрпейісованың «Той бастар» атты тамаша күйлерін тыңдай алады. Финалға № № 7, 20, 22, 25, 37 жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары, Құрманғазы атындағы музыка мектебінің және М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Жас екпін» үлгілі  домбыра оркестрінің тәрбиеленушілері жолдама алды.

 «Домбра с людьми и плачет, и поёт…» «Домбра с людьми и плачет, и поёт…»
 «Домбра с людьми и плачет, и поёт…» «Домбра с людьми и плачет, и поёт…»

Қазылар алқасы танымал қазақ күйлерін ең үздік орындаған қатысушыларды анықтады.

Бас жүлде - Бақытова Айшат, Павлодар қаласы, Құрманғазы атындағы музыкалық мектебі.

1 орын - Серіков Арман, Екібастұз қаласы, Глинки атындағы музыка мектебі.
2 орын - Аубакиров Айдос, Павлодар қаласының № 2 ЖОМ.
2 орын - Сахиева Дариға, Павлодар қаласының № 35 ЖОМ.
3 орын - Ильяшова Айша, Ертіс ауданы, Балалар өнер мектебі.
3 орын – Тоқтабаева Асемгуль, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы, «Жас екпін» домбыра ансамбілі.

- Мен осыдан 8 жыл қатарынан домбыра ойнаумен айналысып келемін. Бірнеше жылдар бұрын осындай байқауға қатысып, екінші орын алғаным есімде. Сол кезде бас жүлдеге әлі келемін, деп өзіме уәде бергенмін. Міне бүгін бас жүлде иегері атанып отырмын, - деді Айшат Бақытова.

Бас жүлде иегері кубокқа иеленіп, жеңімпаздар – дипломдарға, ал барлық қатысқан белсенді қатысушылар сертификаттарға ие болды.

Түсініктемелер қосу